Қоғам

Балкондағы концерт: астаналықтар бір мезетте әнұранды қалай орындады - видео

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана, надпись "оставайтесь дома"
Виды Нур-Султана, надпись оставайтесь дома - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин кезінде Италияда басталған музыкалық флешмобтан қазақстандықтар да тыс қалмады. Астаналықтар бір мезетте балконға шығып, әнұран айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Астаналықтар карантин кезінде қайғыға салынбады. Бұған музыкалық флешмоб дәлел.

Кеше, 2 сәуір күні елордалықтар карантинде музыкалық үзіліс жасады. Сағат кешкі 22.00-де тұрғындар балконға шығып, терезе ашып, әнұран айтты.

Кейін тұрғандар концерттегідей телефондарының жарығын қосты. Флешмоб жарты сағатқа жалғасты.

Ерекше флешмоб ұйымдастыруға шақырған хабарлама WhatsApp-та пайда болған еді. Тұрғындар бұл хабарламаны көршілерінің тобына жіберіп, идеяны қолдады. 

Хабарламада осындай қиын кезеңде астаналықтарды бір-бірін қолдауға шақырған. 

Елорда 19 наурыз күні карантинге жабылған болатын. 28 наурыз күні карантин күшейтілді. Енді тұрғындар тек дәріхана, азық-түлік дүкені мен жұмысқа ғана бара алады.

Жаңалықтар
0