Қоғам

Қазақстанда барлық жолаушылар пойызы тоқтады

© Photo : предоставлено пресс-службой КТЖВокзалға келген пойыз
Вокзалға келген пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика ішінде теміржол бойынша жолаушылар қатынасы уақытша тоқтатылды, соңғы пойыз 4 сәуірде тоқтайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір  – Sputnik. Қазақстан өңірлері арасында енді жолаушылар пойыздары қатынамайды. Билеті бар азаматтар оны кері тапсырып, еш айыппұлсыз ақшасын қайтара алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасап.

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020 жылдың 31 наурызынан Қазақстан өңірлері арасында жолаушылар қатынасы уақытша тоқтатылды", - делінген компанияның хабарламасында.

Барлық жолаушылар пойызының, соның ішінде жекеменшік тасымалдаушылар және басқа да теміржол әкімшіліктерінің қозғалысы тоқтатылды.

Қазіргі таңда пойыздар өз пунктеріне қайтып жатыр. Соңғы пойыз 4 сәуірде тоқтайды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ төтенше жағдай кезінде жолға шыға алмаған барлық жолаушы билеттің ақшасын алдағы алты ай ішінде өздеріне ыңғайлы күні толық көлемде қайтарып ала алатынын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Біртанов карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты

Тоқтаған пойыз билетінің ақшасын сату сайттарында онлайн, "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында немесе жекеменшік кассалардан қайтарып алуға болады.

12 наурыздан бері жолаушылар 590 мыңға жуық билетті қайтарған. Карантин аяқталған соң, билет сату кассалары өз жұмысын қайта бастайды.

Жаңалықтар
0