Қоғам

Төтенше жағдай кезінде әскерилерге бір еңбекақы мөлшерінде сыйақы төленеді

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер органдары және медицина қызметкерлеріне, Ұлттық гвардия мен Қарулы күштердің әскерилеріне сыйақы төлеуге 8 миллиард теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір  – Sputnik. 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау барысында эпидемияға қарсы шараларға 125,2 миллиард теңге қарастырылды. Оның 8 миллиард теңгесі полицейлер мен әскери қызметшілердің сыйақысына жұмсалмақ. Бұл туралы қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, Ұлттық гвардия мен Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне 1 еңбекақы мөлшерінде сыйақы төлеуге 8 миллиард теңге бөлінді", - деді Шолпанқұлов онлайн брифингте.

2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125,2 миллиард теңге қарастырылмақ.

Оқи отырыңыз: Министр 85 мың теңге көтерме ақы қандай жағдайда берілетінін айтты 

40,6 миллиард теңгесі карантиндік шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыруға жұмсалады.

4 миллиард теңгесі ведомствоаралық ақпарат жүйелерінің қызметі мен байланыс қызметін қамтамасыз етуге бағытталады.

Ал 5,6 миллиард теңгесі сот медициналық сараптама қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бөлінеді.

Жаңалықтар
0