14:57 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2069 0 0

Екінші және үшінші онкүндікте күн жылы болады. Күндіз солтүстік өңірлерде +17...+22, оңтүстік өңірлерде +25...+30 градусқа дейін ысиды

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, елімізде сәуірде күн жылы болады, арасында жауын жауады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Алдағы күндері республикада ауа райы жауын-шашынды болады, көбінесе жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады деп болжанып отыр.

"Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде -5+...5 градус, күндіз +7...+18 градусты көрсетсе, оңтүстік бөлігінде түнде +5...+13, күндіз +15...+23, қиыр оңтүстікте +28 градус болады", - деп хабарлайды синоптиктер.

Онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропалық аумақтарынан антициклонның кіруіне байланысты температура солтүстікте түнде -3...-8, күндіз +2...+10 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте ауа температурасы онкүндіктің соңында төмендейді деп болжанып отыр, түнде сынап бағанасы +3...+8 градус, күндіз +10...+15, шеткі оңтүстікте 22 градус болады.   

Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі рет салқын түседі: солтүстік жартысында түнде -3... +7, күндіз +2...+13 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік жартысында түнде 0...+10, күндіз + 12...+22 градус болады деп болжанып отыр.

Екінші және үшінші онкүндікте күн жылы болады. Күндіз солтүстік өңірлерде +17...+22, оңтүстік өңірлерде +25...+30 градусқа дейін ысиды.

Кілт сөздер:
сәуір, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып