05:36 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (707)
628 0 0

79 науқас басқа мемлекеттерден ауырып келсе, 97 науқас вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. Ал 131 науқас ешқайда шықпай, ауырып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусты жұқтырған науқастар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі екі бала бар. 79 науқас басқа мемлекеттерден ауырып келсе, 97 науқас -  вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. Ал 131 науқас ешқайда шықпай, ауырып қалған.

"Олардың вирусты қалай жұқтырғаны белгісіз. Осы ақпараттың негізінде біз елімізде карантин шараларын күшейтуге ұсыныс бердік. Бүгіннен бастап мемлекеттік комиссия тиісті шешім қабылдап, барлық өңірлерге карантин шараларын күшейту бойынша тапсырма берді", - деді Біртанов бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде 8 науқастың жағдайы нашар. Төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бұдан бөлек, 30 науқастың жағдайы орташа.  

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 302 адамға жетті. 

  • Нұр-Сұлтан қаласында- 168 адам;
  • Алматы қаласында – 73 адам;
  • Қарағандыда - 13 адам;
  • Ақмола облысында - 9 адам;
  • Атырау облысында - 12 адам;
  • Жамбыл облысында -3 адам;
  • Шымкентте - 2 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам;
  • Алматы облысында - 8 адам;
  • Ақтөбе облысында - 2 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам;
  • Павлодар облысында - 1 адам;
  • Маңғыстау облысында - 1 адам;
  • Қызылорда облысында - 5 адам;
  • Батыс Қазақстан облысында - 2 адам.

19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылған. Сонымен қатар, Ақтау, Атырау және Қарағанды облысының бес қаласы (Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск), Ақмола облысы карантинге жабылды.

31 наурыздан Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл және Алматы облыстары мен Қызылорда өз шекарасын жабады. 1 сәуірден бастап Петропавл шектеу енгізеді.

 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (707)

Тақырып бойынша

Коронавирустан қайтыс болғандар арнайы полигонда жерленеді
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асты
Біртанов карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты 
Коронавирустан көз жұмған әйелге неге қате сынама жасалды – министр жауабы 
Алматы облысы мен Петропавлда шектеу енгізіледі
Загрузка...

Басты тақырып