Қоғам

Вирус жұқтырған адамның жеке мәліметі желіде тарап кеткен: тергеу жүріп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневҰялы телефон ұстап тұрған адам, архивтегі сурет
Ұялы телефон ұстап тұрған адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте пациенттің жеке деректерін желіде таратқандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласында коронавирус табылған науқастың жеке деректерін тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден Шымкентте коронавирус анықталған азаматтың аты-жөні желіде қалай таралып кеткенін сұрады.

"Шымкенттің полиция департаменті коронавирус инфекциясымен ауырған адамның жеке деректерін әлеуметтік желіде тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деді Абаев брифингте.

Тағы оқыңыз: Абаев қазақстандықтарға: жұмыс пен кредитті уайымдамаңыздар

Осы бап бойынша кінәлілер жеті жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, Шымкентте қазір коронавирус жұқтырған екі адам тіркелген. Жалпы республикада індетке шалдыққандар саны 204 адамға жетті.

Жаңалықтар
0