Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған он адам ауруханадан шығарылады

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер жазылып шыққан адамдардың барлығы екі апта бойы үй карантинінде отыруы тиіс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы он адам жазылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

"Бүгінбіз зертханада коронавирус жұқтырғаны расталған он науқасты үйіне шығаруды жоспарлап отырмыз. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымданып жатқан жоқ. Екі рет зертханалық зерттеу жүргізілді", - деді ол брифингте.

Науқастар үйде 14 күн карантинде отыруға келіскен жағдайда ғана шығарылады. Оларға тиісті ұсынымдар беріледі.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде науқастардың саны 204 адамға жетті.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз дертінен сауықты 

Еске сала кетейік, бұған дейін үш адамның сауығып, тағы бір әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал астана мен Алматы карантинге жабылды.  

Жаңалықтар
0