Қоғам

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы 30 наурыздан бастап уақытша тоқтатылады

© Photo : официальный сайт акимата Нур-СултанаПроспект Мангилик ел опустел во время карантина
Проспект Мангилик ел опустел во время карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір апта бойы орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар ғана жұмыс істейді  

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Мұндай шешім төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда автобус паркі карантинге жабылды 

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен отырыста денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы, Нұр-Сұлтан және Алматы әкімі Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаев қалалардағы ахуал туралы баяндады.   

"Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорын мен ұйымның жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті", - деп жазды премьер-министрдің ресми сайты.  

Бұл шектеудің орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысы жоқ.

Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісіле отырып анықталады.

Жаңалықтар
0