Қоғам

Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырған 97 адам тіркеліп отыр, ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанда екі адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрметті ағайын! Кеше айтқанымыздай, екі адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Олардың біреуі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді", - деді Абаев онлайн брифингте.

Осы ретте министр дәрігерлік құпия туралы еске салып өтті. 

"Кеше осы хабар тараған соң, БАҚ өкілдері пациенттер туралы өте көп сұрақ жіберген. Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол адамның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер. Бұл адамдардың барлығы өз азаматтарымыз. Олар өзіне қатысты жеке мәліметтерді жария етпеуге құқығы бар. Біз оны сыйлауымыз керек. Егер де ол кісілер туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол адамның рұқсатынсыз ешкімге бермеуді сұраймыз", - деді ол.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырған 97 адам тіркеліп отыр.

Нұр-Сұлтанда – 55, Алматыда – 34, Қарағандыда - 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.

Жаңалықтар
0