Қоғам

Тұрғындар COVID-19-ды анықтау үшін ақылы тест тапсыра алады

Жазылу
"Олимп" зертханасындағылар вирус жұқтырып-жұқтырмағанын жылдам тексеруге арналған тест күтіп отырғанын хабарлады. Олар жеткізілген кезде ресми жарияланады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Қазақстандықтар COVID-19-ды анықтау үшін жедел сынама тапсыра алады. Тұрғындардың бірі тегін тапсырма, өзгелері өз қалтасынан төлеуі керек. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова "Минздрав сообщает" бағдарламасында айтты. 

"Біздің демеушілеріміз бар. Олар елге тестерді жеткізеді. Бірқатар компанияға рұқсат бердік. Алғашқы партия осы аптада келеді. Тест "Олимп" зертханасының базасында жасалады", - деді Бюрабекова.

Мұндай сынаманы жедел респираторлық вирустық инфекциясы бар адамдарға жасауға кеңес берілді. Кімдер тегін тест тапсыра алатыны талқыланып жатыр.

"Диспансерлік есепте тұрған немесе тыныс алу органдарының созылмалы сырқаты барлар тегін өтуі мүмкін. Сондай-ақ, қарттар мен 18 жасқа дейінгі балалар енгізілуі тиіс. Бірақ бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді  Бюрабекова.

Ол "Олимп" жеке зертхана екенін атап өтті. Алайда ақылы тест жасай алады. 

Бірақ бұл тәсіл вирусты өте ерте немесе вирустан айыққандарды анықтау үшін арналған.

Егер де жедел респираторлық вирустық инфекциясы белгілері байқалса, жедел жәрдем шақыру керек екені ескетілді.

Жаңалықтар
0