Қоғам

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с коронавирусом 2019-nCoV
Пробирка с коронавирусом 2019-nCoV - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, оның бесеуі Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстанда жеті адам инфекция жұқтырғаны расталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 79 науқас тіркелді", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанның өңірлеріне қайдан барғаны белгілі болды 

16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді. 

Жаңалықтар
0