Қоғам

Алматыда жөтеліп тұрған ер адам лифт батырмаларына әдейі түкіріп кетті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт, иллюстративное фото
Лифт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде болған, желі қолданушылары ер адамды жауапқа тартуды талап етуде

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Лифтінің ішінде ер адам батырмаларға әдейі түкіріп кеткен видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Алматы қаласының тұрғыны Мейрамбек Таубалдиев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында лифтінің ішінде түсірілген видеоны жариялап, тәртіп бұзушыға қатысты қатаң шара қолдануды талап етті.

Оқиға "Алатау Сити" тұрғын үй кешенінде болған.

Видеода жақсы киінген ер адамның лифтке кіргені көрініп тұр. Одан ол қол орамалын алып, жөтеле бастайды. Сосын лифт батырмаларына әдейі түкіріп кетеді.

Жергілікті полиция тәртіп бұзған ер адамды іздестіруге кірісті.

Жаңалықтар
0