Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің департамент басшысы ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторында отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 3-ші департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды.

"Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында осы жылдың 20 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті агенттіктің 3-ші департаменті (жедел) басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторында отыр.   

Қылмыстық істі тергеу агенттік төрағасының жеке бақылауында. Өзге ақпарат заңға сәйкес жария етілмейді.

Жаңалықтар
0