23:25 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
940 0 0

Нумеролог күн мен түн теңеліп, табиғат оянатын Наурыз мейрамы қазақстандықтардың өміріне қандай өзгеріс алып келетінін болжады

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Құралай Бақытқызы сандарды "сөйлетіп", жаңару мен жаңғырудың бастауы Әз-Наурыздан не күтуге болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нумерологтың болжамынша, Наурыз айы тек бізге ғана емес, күллі планетаға жақсы жаңалықтар әкеледі.

"21.03.2020. Бұл сандарды бір-біріне қоссақ, 1 саны шығады. Бір дегеніміз  жаңа бастама, жаңа жұмыс, жаңа шешім. Бұл күні қолға алған кез келген ісіңізге сәттілік серік болады. 21 наурыз, сонымен қатар, тазалық күні. Экспорт пен импортқа, азық-түлік, тауар тасымалына да өте қолайлы уақыт", деді Құралай Бақытқызы.

Ал 2020 жыл 22 наурыздың саны – 2. Бұл командалық жұмысқа, серіктестікке таптырмас күн.

Сонымен қатар, нумерологтың айтуынша, 22 наурызда отау құрған ғашықтардың махаббаты баянды болады.

"Бұл күні адамдар эмоцияға қатты беріледі, күш-қуаты тасиды. Соның салдарынан асығыс шешім қабылдап, кейін өкініп қалуы мүмкін. Сондықтан барынша ұстамды, сабырлы болған жөн", - деп ескертті маман.

Бұдан бөлек, бұл күні кейбір жандар жақындарынан сын естуі де мүмкін.

Жалпы жиырма екінші наурыз күні өте баяу өтеді. Бірақ, ойлаған істеріңіз бен жоспарларыңызды жүзеге асыруға еш кедергі жоқ.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың тапсырмасы: Наурыз мейрамы биыл қалай тойланады

"Екі саны көбіне өзгерісті білдіреді. Жақсы ма, жаман ба, оны білмеймін. Бірақ, үлкен өзгерістер күтілуде. Сонымен бірге, екі санының көптігі тосын сыйдан хабар береді. Жалпы, осы жыл тосын сыйларға, күтпеген шешімдер мен жайттарға толы", - дейді Құралай Бақытқызы.

Айта кетсек, әлемді жайлаған індетке байланысты биыл Қазақстан Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатыр.

Тақырып бойынша

Наурыз мейрамы: қазақтың ұлттық ойындары
Ұлыстың ұлы күні: Наурыз мейрамы туралы мақал-мәтелдер
Наурыз мейрамы қарсаңында елорда қалай өзгерді - фото
Қазақстанда Наурыз мейрамы кезінде теракт жасамақ болған адам ұсталды – ҰҚК
Кілт сөздер:
Наурыз мейрамы
Загрузка...

Басты тақырып