14:57 27 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD422.40
  • EUR502.78
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1807)
46801

Президент коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қазақстандықтарды барлық талапты сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған науқастың Қаскелеңге қайдан келгені белгілі болды

Мемлекет басшысының айтуынша, қысқа мерзімде құрылған орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады.

​"Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру. Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған мәліметтер таралып жатқан кезде бұл өте маңызды. Коронавирусқа қатысты барлық ресми ақпарат http://coronavirus2020.kz сайтында", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Президент екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау баршамызға ортақ міндет екенін атап өтті.

"Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды. Қойылған талаптарды орындау қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс", - деп түйіндеді ол.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында бір адам тіркелді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1807)

Тақырып бойынша

Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Карантинді бұзғандар үшін жаза күшейтіледі – әділет министрі
Алматыдан кеткен тұрғындар екі апта үйде отыруға міндеттелді
Қазақстанда жалақы азайып, "премия" төленбеуі мүмкін бе – министр жауабы
Коронавирустың он ошағы: Алматы әкімдігі мекенжайды жариялады  
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, індет, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып