Қоғам

Алматы облысында бір адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

© AP Photo / STRВспышка коронавируса в Китае
Вспышка коронавируса в Китае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 53 адамға жетті. Алматы облысында бір адам тіркелді

АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласында бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"2020 жылдың 21 наурызы сағат 12.00-дегі дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында бір адам тіркелді", - делінген ақпаратта.

Коронавирус эпидемиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.

Оқи отырыңыз: Өзбекстан президенті Назарбаевқа телефон соқты

Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді. Карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.

Жаңалықтар
0