Қоғам

Нұр-Сұлтандағы карантин: Қандай қонақ үйлер қайта жабдықталып жатыр?

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание отеля "Рамада Плаза" в Нур-Султане
Здание отеля Рамада Плаза в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан астанасындағы үш қонақ үй сырқаттардың саны артқан жағдайда адамдарды қабылдауға дайындалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан астанасындағы бірнеше қонақ үй қайта жабдықталады, олар адамдарды карантинге қабылдайды деп жоспарлануда.  

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Sputnik Қазақстанға хабарлауынша, "Турист", "Рамада" және "Алау" қонақ үйлерінде қосымша төсек орындар жасақталған.

Әкімдік Алматы карантинге жабылғалы қанша адам қаладан кеткенін айтты

Айта кетейік, "Турист" пен "Рамада" елорданың оң жағалауында, "Алау" сол жағалауында орналасқан.  

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен коронавирусқа шалдыққандардың саны көбейген жағдайда олар қонақ үйлерге жатқызылады деп мәлімдеген еді.  

"Біз қосымша кереуеттер қоямыз. Бүгін әкімдік "Рамада плаза" қонақ үйінде пациенттерге қосымша орындар жасақтау жұмысын бастап кетті. Қазіргі кезде осы нысанды дайындау мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол жерде карантиндік режим болады", - деді Мәкен.  

Әкім орынбасары "С" (коменданттық сағат) енгізілсе, астанада қосымша карантиндік нысандар жабдықталатынын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 25 адам Нұр-Сұлтанда, 22 адам Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге алынды.   

Қалалардың айналасында көлік қозғалысын шектейтін бақылау-өткізу пункттері қойылды. Ол жерлерде полицейлер, Ұлттық ұлан қызметкерлері, әскерилер мен дәрігерлер қызмет етіп жатыр.

Тек супермаркеттер, ауладағы дүкендер, азық-түлік базарлары, дәріханалар, ауруханалар мен емханалар жұмыс істеп тұр.

Жаңалықтар
0