Қоғам

Қазақстанның тағы бір қаласында коронавирус жұқтырғандар анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка в маске на улице Нур-Султана после введения карантина
Девушка в маске на улице Нур-Султана после введения карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда екі адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұған дейін вирус Алматы және астанада тіркелген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз — Sputnik. Қазақстанда тағы бес адам коронавирус жұқтырды. Барлығы - 49 адам.

"Қазіргі уақытта елде 49 адам коронавирус жұқтырды. Оның 25-і - астанада, 22-сі - Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді",- деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Еске сала кетсек, 18 наурыз күні Минск-Нұр-Сұлтан бағытымен келе жатқан ұшақ Қарағанды әуежайына қонған болатын. Борттағы 67 адам бірден карантинге жатқызылды. 

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурызда елімізде төтенше жағдай жарияланды.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді.

Қалалардың айналасында көлік қозғалысын шектейтін бақылау-өткізу пункттері қойылды. Ол жерлерде полицейлер, Ұлттық ұлан қызметкерлері, әскерилер мен дәрігерлер қызмет етіп жатыр. 

Тағы оқыңыз: Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыға кіруге тыйым салынады. Тамақ жеткізетін жүк көліктеріне ғана кіруге рұқсат етіледі.

Жаңалықтар
0