23:21 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1821)
954302

Қазақстанның тұңғыш президенті коронавирустың таралуымен күресу кезінде билікке қолдау көрсетуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз — Sputnik. Қазақстаннның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустың таралуымен күресу кезінде тұрғындарды билікке қолдау көрсетуге шақырды. Үндеудің толық мәтіні Елбасы сайтында жарияланған. 

"Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда. Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс –  шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде. Басқаша айтқанда, "дүлей дауыл" деп сипаттауға болатын үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз. Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды",- деді ол.

Назарбаев қазақстандықтарды билікке қолдау көрсетуге шақырды.

"Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын. Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау",- деді тұңғыш президент.

Ол қазір коронавирус инфекциясының залалын азайту және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі арнаулы штаб жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі дағдарыс ұзағырақ уақытқа созылар болса, үкімет оған қарсы шаралар әзірлеуге тиіс. Ондай жағдайда елімізді және азаматтарымызды қатаң үнемшілдікке, кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керек",- деді Назарбаев өз үндеуінде.

Тағы оқыңыз: Қарин: Назарбаевтың кетуі көпшілік күтпеген шешім болды

Ол бұл қиын жағдайды еңсеру үшін қосымша ресурстар жұмылдыру керек екенін айтты. Әрбір азамат қолынан келетін үлесін қосуы тиіс екенін алға тартты.

"Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынамын. Ондай қорларды әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет. Ол жұмысты тиісінше сол жерлердің әкімдері жүзеге асырғаны дұрыс",- деп түйіндеді сөзін Назарбаев.

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1821)

Тақырып бойынша

Тоқаевтың кеңесшісі президенттің отставкасы туралы қауесетке жауап берді
"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады
Тоқаев теңгенің әлсіреуіне байланысты Ұлттық банкке тапсырма берді
"Арандатушылар  – біздің дұшпанымыз": Назарбаева халыққа үндеу жасады
Тоқаев елорданың кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
Загрузка...

Басты тақырып