Қоғам

Алматыға келген тағы бір адамда коронавирус табылды - министрлік

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Санитарная обработка в лифтах жилых домов в Алматы
Санитарная обработка в лифтах жилых домов в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен келген. Соңғы мәліметке сәйкес, елде 37 адам коронавирус жұқтырған, Алматыда - 19, астанада -18

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Қазақстанға келген Ресей азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

"Ол 1979 жылы туған Ресей азаматы, 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен келген. Қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатыр, жағдай қанағаттанарлық", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Коронавирус эпидемиясы

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Әлемнің 150-ден астам еліндегі 160 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырды. Олардың көпшілігі сауықты, алты мыңнан астамы қайтыс болды.

Қазақстанда пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жұмысшылардың көпшілігі қашықтан жұмыс істеу форматына көшуде. Сауда, ойын-сауық орталықтары, спорт және басқа да нысандар жабылып, барлық қоғамдық шаралар тоқтатылды.

19 наурыздан бастап Алматы мен астана карантинге жабылды.

Жаңалықтар
0