Қоғам

"72 сағат бар": Алматыда 22 наурызда қаладағы барлық бекет жабылады

© Sputnik / Тимур Батыршин Обстановка на алматинских автовокзалах в связи с ситуацией по коронавирусу
 Обстановка на алматинских автовокзалах в связи с ситуацией по коронавирусу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы толық оқшауланады, қала маңындағы аудандардың тұрғындары да карантин уақытында қалаға кіре алмайды

АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Алматыға кіріп-шығу бекеттері 22 наурызда жабылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматы облысы тұрғындарына қаладан шығып кету үшін 72 сағат уақыт бар екенін айтқым келеді. Алматылықтар толық оқшаулануы керек. 22 наурызда барлық блок бекет жабылады. Қала мен елден тыс жерлерде жүрген барлық алматылыққа 72 сағаттың ішінде қалаға кіруге рұқсат беріледі. Бұл ереже Алматының тұрғындары мен осы қаладан кеткісі келетін шетел азаматтарына да қатысты", - деді Қожағапанов.

22 наурыз 00.00-ден бастап барлық әуе және теміржол қатынасы тоқтатылады.

"Қоғамдық көлік, метро тоқтамайды. Ол үшін автобус бағыттары мен метрополитен штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Қазір қала ішінде жолаушылардың саны азайғаны байқалады. Сондықтан біздің қоғамдық көліктердегі қозғалыс интервалы 20%-ке артып отыр. Қаладағы саябақтар ашық болады. Алайда біз қала тұрғындарынан үйде отыруларын сұраймыз", - деді ол.

Сондай-ақ, карантин кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қалаға уақытша орналастырылады.

"Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет жүргізушілері қала аумағына уақытша орналастырылатын болады", - деді Қожағапанов.

Соңғы ақпараттар бойынша елімізде 36 адам коронавирус жұқтырған: Алматыда -18, астанада - 18 адам.

Жаңалықтар
0