23:47 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
686601

Осыдан бір апта бұрын Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Хаменова парламент мәжілісінің депутаты қызметіне 2016 жылдың наурыз айында келген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытгүл Хаменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы Хаменованың Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты мәжіліске оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді.

Төменгі палата депутаттары ұсынымды бірауыздан қолдады.

"Елдің аманатын арқалап, жұртшылықтың сенімінен шығу үшін өздеріңізбен бірге мәжіліс қабырғасында өткізген уақытымды өмірімдегі ең бір ерекше белес деп айтуға болады. Шынайы қамқорлықтарыңыз үшін, ізеттіліктеріңіз үшін, кішілік пен кісіліктеріңіз үшін, бекзаттықтарыңыз үшін алдарыңызда басымды идім. Үлкен алғысымды білдіремін. Мәжіліс қабырғасынан жиған-тергенім болашақта өз еңбегіме пайдасын тигізетіні хақ", - деді Хаменова сөз соңында.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин әріптесіне атқарған жұмысы үшін депутаттар атынан алғыс хат табыстап, гүл сыйлап, шығарып салды.

Оқи отырыңыз: Бақытгүл Хаменова жаңа қызметке тағайындалды

38 жастағы Бақытгүл Хаменова Атырау қаласының тумасы.

2016 жылдың 24 наурызынан бүгінге дейін парламент мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.

2020 жылы 11 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Тақырып бойынша

Жалмағамбетова депутатқа: "Қалаулымды" көрмеймін десеңіз, көрмей-ақ қойыңыз
Ұлттық банк басшылығы депутаттың сұрағына қазақша жауап бере алмады
"Әркімге жалынып жүрміз": депутат мектеп мұғалімдерінің мұңын жеткізді
Депутаттар "Қазақстан географиясының" жеке пән ретінде оқытылмауына алаңдаулы
Депутат Хаменова: мен де Елбасын жақсы көремін...
Кілт сөздер:
Хаменова
Загрузка...

Басты тақырып