Қоғам

Министр Тұрғымбаев карантиннен қашқандар туралы айтып берді

© Photo : Пресс-служба министерства внутренних дел КазахстанаМинистр нутренних дел Ерлан Тургумбаев в Туркестане
Министр нутренних дел Ерлан Тургумбаев в Туркестане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде құқық қорғау органдары күшейтілген режимге көшірілді. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынды. Карантиндік нысандар тәулік бойы күзетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантиннен қашу оқиғаларының болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде құқық қорғау органдары күшейтілген режимге көшірілді. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынды. Карантиндік нысандар тәулік бойы күзетіледі. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерімен бірге коронавирусы бар елдерден келген адамдарды карантинге жатқызу шаралары атқарылады.  

"Полиция коронавирусы бар кісімен бір жерде болған адамдарды медициналық тексеріске жеткізіп отырады. Өкінішке қарай, карантиннен қашып кету жағдайлары болған. Кіммен байланыста болғанын айтудан бас тартқан коронавирус жұқтырған кейбір азаматтар да кездеседі. Оларға қатысты заң бойынша тиісті шаралар қолға алынды", - деді Тұрғымбаев халыққа арнаған үндеуінде. 

Айта кетейік, Қазақстанда карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Ал коронавирусы бар адам ауруды әдейі біреуге жұқтырса, қылмыстық жазаға тартылады. 

Денсаулық министрі Елжан Біртанов үй карантинін бұзғаны үшін айыппұл қарастырылғанын айтқан болатын. Оның көлемі – 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 13 мың теңгеден астам. Құқық қорғаушыларға қарсылық көрсетілсе, әкімшілік жауапкершілік, қамау шарасы да бар. Ал адам науқас болып, басқа біреуге жұқтырса, қылмыстық іс қозғалады. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы бір адамда коронавирус анықталды

Жаңалықтар
0