Қоғам

Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуБольница в Коммунарке примет пациентов с подозрением на коронавирус
Больница в Коммунарке примет пациентов с подозрением на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда тағы он төрт адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 14 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда бүгін таңертең тағы 3 науқас тіркелгені туралы хабарлаған едік. Енді Нұр-Сұлтан қаласында жаңа 14 науқас тіркелді. Ол науқастар барлық карантиндік тәртіп бойынша карантинге жатқызылды. Олармен байланыста болған азаматтар анықталды, оларды оқшаулап, карантинге жатқызу жұмыстары жүргізіліп жатыр ", - деді министр.

Біртановтың айтуынша, қызметкерлер эпидемиологиялық стандарттар бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер коронавирус жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты

"Бүгін бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енді. Қаулы бойынша қосымша бірнеше мемлекетпен санитарлық режим күшейтілді. 1"А" санатындағы елден келген бүкіл азамат карантинге жатқызылады. Оған Франция, Иран, Италия, Испания және Германия кіреді. 1"Б" санатындағы Қытай, Кореядан келген азаматтар міндетті түрде үй жағдайындағы карантинге алынады. 1"А" және 1"Б" санаттағы мемлекеттердің азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынған", - деді министр.

Осылайша Қазақстанда барлығы 27 адам коронавирус жұқтырды, оның он алтысы – Нұр-Сұлтанда, он бірі – Алматыда.  

Жаңалықтар
0