Қоғам

"Жауыз қылып бітірдік": депутат митингте "адамдарды сүйреп әкететіндер" туралы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевМитинг 16 декабря в столице
Митинг 16 декабря в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат Берік Дүйсембинов митингтер мен шеру кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жасақ туралы сөз қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов митингте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жасақтың этикасын заңға енгізуді ұсынды. Бұл туралы "Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының таныстырылымында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Берік Дүйсембинов митингтер мен шеру кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жасақ туралы сөз қозғады.

"Шындыққа тура қарайықшы, бұған дейінгі митингтерді қарасақ, 25 адам көшеге шықса, ішкі істер органының 250 адамы бірге жүреді. Алаң қоршалған, құдды соғыс болған сияқты. Ол жерден өту қорқынышты. Адамдар митингке қатысушылардан емес, қоршап тұрған әскерден қорқады. Балаларымыз мектепке басқа жолмен айналып барады", - деді мәжілісмен.

Ол ел тыныштығы басты орында екенін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де жазығы жоқ екенін айтты.

"Бірақ, меніңше, митингте жүретін ішкі істер қызметкерлерінің арнайы этикасын заңға енгізу керек. Әйтпесе, балаларды өзіміз жауыз қылып бітірдік. Қазір ешқандай министрдің баласы милиция болып, көшеде адам сүйреп жүрген жоқ. Олардың бәрі қарапайым адамдардың ұрпағы. Қазір бейнекамералар бар, сол арқылы бақылап, әйтеуір бір әрекет жасау керек", - деді Дүйсембинов.

Оның ұсынысына ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жауап берді.

"Сіз айтып отырған мәселенің бәрі осы заң жобасында қарастырылған. Ішкі істер министрлігі қай жерде митинг өтсе, сол жердің қауіпсіздігіне жауап береді. Сіз көтеріп отырған мәселені қарастыруға болады. Қандай да бір принциптер арқылы олардың этикасын енгізуіміз мүмкін. Жалпы жұмыс тобында қарастыруға болады. Осы заң жобасы сіз айтып отырған мәселеден туындап отыр. Халық ойын айтқысы келеді. Бірақ басқа адамдарға зияны тимесін деген оймен талқылап, сіздерге әкеліп ұсынып отырмыз", - деді министр.

Жаңалықтар
0