11:55 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
159210

Сенатор Қордай оқиғасы Қазақстанда мемлекеттік тіл мәселесі аса өзекті екенін тағы мәрте көрсеткенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Сенат депутаттары Қордай қақтығысының қайталануына жол бермеу үшін үкіметке бірнеше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бір топ сенатор премьер-министр Асқар Маминге Қордай оқиғасына қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутаттар көтерген мәселенің бірі қазақ тілінің тағдырына байланысты болды.

"Елімізде 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту бағдарламасы бойынша 2020 жылы мемлекеттік тілді Қазақстан халқының 95%-і еркін меңгеру керек еді. Өкінішке қарай миллиардтаған қаржы бөлінген осы бағдарлама өз нәтижесін бермеді. Бұған кім жауап береді?", -деді депутат Мұрат Бақтиярұлы.

Ол Қазақстан 130-дан аса ұлт пен этносқа ортақ мекен бола алғанымен, қазақ тілі осы кезге дейін олар үшін ортақ тіл бола алмағанына өкініш білдірді.

"Мемлекет, тарих, тіл – тұтас ұғымдар. Бізде мемлекет тарихын, тілін білмейтін, қазақ мәдениеті мен оның ұлттық құндылықтарына құлықсыз қарайтын этнос өкілдерінің кейбір буындары өсіп келе жатқаны байқалады. Сондықтан мемлекет тұтастығы мен бірлігі үшін ортақ құндылықтар қалыптастырып, ұлттық рухани бағдарламаларды түрлі диаспоралар арасында кеңінен насихаттап отыру қажет", -деген ұсыныс айтты сенатор.

Оқи отырыңыз: Нығматулин қазақ тіліндегі сұраққа орысша жауап берген шенеунікті ұялтып тастады 

Депутат елде түрлі этникалық топтардың интеграциясы мен олардың біртұтас мемлекет құрушы ұлттың айналасына жұмылуына бағытталған саясат жүргізу керек деп санайды. Ол үшін кешенді іс-шаралар қабылдау қажет.

Сонымен бірге, Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, этностар тұратын жерлерге мемлекет әрдайым мониторинг жасап, ондағы ономастика, тіл және тағы басқа қордаланған дүниелерді бақылап, сараптап отыруы керек.

"Үкімет тарапынан қабылданып жатқан әлеуметтік экономикалық іс-шаралар бұқара халықтың жағдайын жақсартуға әлі де жеткіліксіз. Халық өз тұрмысының нақты түзелгенін толыққанды сезінді деп айта алмаймыз. Еліміздегі ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін арттырудың тетіктері жасалуы керек", - деді ол.

Бұдан бөлек, ол әлеуметтік желілердің теріс әсеріне тоқталды.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, бейне және аудио материалдарда еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығына қауіп төндіретін, ұлттық араздық пен алауыздықты қоздыратын арандатушылық материалдар, елдің билік органдарының қадір-қасиетін түсіретін лақап айыптаулар мен өсек-аяңдар, бейпіл сөздер мен көріністер етек алып бара жатыр", - деп алаңдады сенатор.

Осыған байланысты үкімет қасақана жалған ақпарат таратып, халықты тәртіпсіздікке шақыратын кез келген арандатушылыққа құқықтық негізде қатаң жаза қолдануды қатайтуы керек деп санайды.

Тақырып бойынша

Депутаттар алдында жауабын 100 пайыз орыс тілінде берген шенеунік сөз естіді
Қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы - танымал ақын
"Мемлекеттігімізге сын": сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды
Тоқаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
"Көшеде латынша жазуға әлі ерте": ғалым қазіргі әліпбидің кемшіліктерін атады
Тоқаев Қордай оқиғасынан кейін дүнген қауымына екі кеңес берді – видео
Загрузка...

Басты тақырып