Қоғам

Қазақстан Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруіне тыйым салды

© Photo : PixabayВид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото
Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Оңтүстік Кореяны коронавирус инфекциясы өршіген елдердің қатарына қосты, бұған дейін бұл тізімге Қытай мен Иран кірген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. 8 наурыздан бастап Қазақстан коронавирусқа байланысты Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруіне тыйым салады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.

"8 наурыздан бастап Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруі тоқтатылады", - деді ол бейсенбі күнгі брифингте.

Қамалиевтің айтуынша, екі елдің әуе компанияларына қазақстандықтарға ғана ұшуға рұқсат етілетіні туралы хабарланған.

Шектеу ресми және мемлекеттік делегацияларға, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық паспорттардың иелеріне, әуе компания ұшқыштары мен экипаж мүшелеріне, локомотив бригадаларына, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға, жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерге қатысты емес.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирустың таралуына байланысты бірнеше тапсырма берді

Айта кету керек, Қазақстан Оңтүстік Кореяны коронавирус инфекциясы өршіген елдер санатына қосты (1 "а" категориясы), бұрын бұл санатқа Қытай мен Иран енген.

Осы үш елде болған адамдар Қазақстанға оралғаннан кейін екі апталық карантинде болады.

Жаңалықтар
0