06:54 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
9156 0 0

Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел мектептегі дәріс кезінде қыздарды кеуіп қалатын маркерге теңеген

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы қыздарды оқуға емес, бала тууға шақырған. Бұл туралы ол қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс кезінде айтқан.

"Қыз баланың мұраты – өмір бойы оқып, "академик-доктор" болу емес, жастайынан бес зәруді бойына сіңіріп, "академик-докторларды" туып, тәрбиелеу. Қыз деген маркер ғой. Ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз", - деген Жәлел дәріс оқу барысында.

Абайтанушының бұлай деуі оқушы қыздардың ашуын туғызды.

Тіпті 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбек әлеуметтік желіде пост жазып, Жәлелдің сөзімен келіспейтінін білдірген. Ол әйелдерді өз құқықтарын қорғауға шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня меня сравнили с маркером ⠀ Сегодня к нам, на очередную встречу с выдающимися личностями, приехал Омар Жалелулы. Полный актовый зал. Дети, которые готовы услышать что-то значимое. Но вместо этого мы слышим: «Девушки не должны становится академиками, они должны рожать академиков». Почему в 21 веке я должна выслушивать лекцию о том, что я - конвейер для детей? О том, что я должна учиться не для того, чтобы добиться в этой жизни чего-то, а для того, чтобы я родила не тупого ребенка. ⠀ «Ердiн мураты елыне кызмет ету, ал айелдын мураты ерге кызмет ету»🤡 Когда я спросила «Почему я не могу сразу служить своей стране без посредников», то ответ был таковым: Есть маркер. У маркера одна цель: писать. А когда маркер перестает писать, то мы выкидываем его. Также и с женщинами.🤡 ⠀ При всем уважении, главная цель женщины - это та цель, которую она поставит перед собой. Это может быть карьера или дети, всё что угодно, но не то, что она, по мнению общества, ОБЯЗАНА. Девушки, не бойтесь говорить о том, что мы - люди, у нас есть ПРАВА, черт возьми. Давайте же их защищать в конце концов.

Публикация от Шмаяулым (@maya_shmaya)

Оқушы қыздың позициясын білім беру ұйымының әкімшілігі де қолдап отыр.

"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Тараз қаласындағы зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбектің ұстанымын қолдайды және оның Instagram желісіндегі қыздардың заманауи қоғамдағы миссиясы туралы жазбасымен келіседі", - деп мәлімдеді НЗМ өңірлік филиалынан.

Айта кетсек, Омар Жәлел қазақстандықтарға шулы мәлімдемелерімен танымал. Абайтанушының сұхбаттары қазақ тілді БАҚ беттерінде жиі жарық көріп тұрады. Мәселен, жуырда ол қыздарды тауарға теңеп, елдің талқысына түсті.

Тақырып бойынша

Атырауда олимпиададан келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады – видео
Қазақ қызы туралы дау тудырған кітап авторы тағы бір мәселені көтерді
Президент қатысқан салтанатты жиында оқушылар мен мұғалімдер естен танып құлады
Елордада оқушылар мектеп маңында пышақтасты
Шетелдік көліктерге қатысты дау: министрлік өкілдері Арменияға жол тартты
Мұхамеджан Тазабек оқушылар алдында дәріс оқи ала ма – министрдің жауабы
Кілт сөздер:
оқушылар
Загрузка...

Басты тақырып