Қоғам

Мамин коронавирустың таралуына байланысты бірнеше тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысы коронавирус тараған елдердің азаматтарына виза беруді және шетелдіктерге жұмыс істеуге рұқсат беруді тоқтата тұруды тапсырды 

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Премьер министр Асқар Мамин коронавирустың елде таралуына жол бермес үшін министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Иран азаматтарына елге кіруге тыйым салды 

"Әлемдегі жағдай күрделі, өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазіргі уақытта 50-астам елде вирус анықталды және өте жылдам таралуда. Қазір Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар жоқ. Сондықтан барлық алдын алу шарасын жалғастыру қажет", - деді Мамин үкімет отырысында.

Осыған байланысты үкімет басшысы бірқатар тапсырма берді.

  • Сыртқы істер министрлігі елде бұған дейін жоспарланған ірі халықаралық шараларды ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізсін. Коронавирус тараған елдер үшін транзиттік, электронды, туристік визаларды беруді тоқтату қажет;
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі вирус жылдам таралып жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектесін. Сонымен қатар, еліміздің фармацевтикалық кәсіпорындарында медициналық маскалар мен вирустан қорғайтын қосымша құралдар шығаруды ұлғайтуды қамтамасыз етсін;
  • Денсаулық сақтау министрлігі барлық шекара арқылы өткізу пунктерінде санитарлық эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін және әзірленген іс қимыл алгоритмін іске асыруға дайын болсын;
  • Өңірлердің әкімдіктері мемлекеттік және жеке ұйымдарда, әсіресе оқу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сауда орталықтары мен базарларда эпидемияға қарсы іс шараларды күшейтсін;
  • Әкімдіктер мен еңбек министрлігі шетелдік жұмыс күшін тарту үшін коронавирус инфекциясының деңгейі қолайсыз елдердің азаматтарына рұқсат беруді тоқтата тұрсын;
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп коронавирустың алдын алу шараларын түсіндіру бойынша халықпен сапалы ақпараттық жұмыс жүргізсін.

Сонымен қатар, Мамин коронавирус әлемдік экономикаға үлкен әсер етіп жатқанын атап өтті.

"Өнеркәсіп саласына, транзитке, саудаға, экспортқа әсер етуде. Осы ретте Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажет", - деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0