Қоғам

Белгілі қазақ боксшының әкесі өмірден озды

© Sputnik / Сергей КимЦветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы
Цветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейілхан Саттархановпен қоштасу рәсімі ертең, 26 ақпан күні Түркістан қаласында сағат 15.00-де болады

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озды. Бұл ақпаратты Түркістан облысының спорт басқармасы растады.

"Бүгін Сейілхан Саттарханов дүниеден өтті. Ертең Түркістан қаласында 15.00-де жаназасы шығарылады", - деді басқармадағылар.

Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.

© Sputnik / Дәурен ЕрболатСиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың ата-анасы
Белгілі қазақ боксшының әкесі өмірден озды - Sputnik Қазақстан
Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың ата-анасы

2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза болды. Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.

Тағы оқыңыз: "Ұлымды ұмытты, ешкім есіне алмайды" Бекзат Саттархановтың әкесі ренішін айтты

2019 жылы спортшы жайында "Хабар" агенттігінің тапсырысымен "Бекзат" көркем фильмі түсірілді. Режиссері – Мұрат Бидосов, сценарий авторы – Сержан Закерұлы. Түсірілім Түркістан, Шымкент, Тараз қаласында және шетелде өтті.

Жаңалықтар
0