19:22 29 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD430.51
  • EUR505.72
  • RUB5.51
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
698610

Қызға қатысты зорлық-зомбылық жасалғанын полицияға туыстары хабарлаған. Сот ерлі-зайыптыларға үкім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Қарағандыда қызды зорлаған өгей әкесі мен туған анасы сотталды.

Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметіне сәйкес, қызға бір жыл бойы зорлық көрсетілген, деп хабарлайды Liter.kz.

Отбасының жақындары мұндай сұмдық туралы мүлдем білмеген. Кейін қыздың өзі оларға айтып, көмек сұраған. Ақпарат бірден полицияға берілді. Қыздың өгей әкесі мен туған анасы қамауға алынды.

Сарапшылар 2006 жылы туған қызға қатысты азғындық пен зорлық жүйелі түрде жасалғанын анықтады.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптыларға қылмыстық кодекстің 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") айып тағылды.

Судья Қайрат Қасымов жәбірленушіні сот залына қайта шақырған жоқ. Қызға психологиялық жағынан қиын болмау үшін оның бұған дейін берген түсініктемесі есепке алынды.

Тағы оқыңыз: Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлады: адвокаты мән-жайды түсіндірді

Іс қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі ("зорлау, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау), 120-бабы 4-бөлігі ( "кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты зорлық жасау" және 312-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау") қаралды.

Қыздың өгей әкесі 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Анасы 16 жылын түрмеде өткізеді. 

 

Тақырып бойынша

Үйге қайтып келе жатқанда ұрсысып қалған ерлі-зайыпты өз қызына қиянат жасады
Шымкентте ерлі-зайыпты 3 жасар қызының балабақшада зорланғанын айтты
Қызын өлтіріп, мәйітін өртеген: жазадан жалтармақ болған ерлі-зайыпты ұсталды
Күн сайын 5 сағат жаяу жүретін даяшыға ерлі-зайыпты көлік сыйлады – видео
Жетпіс жыл отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды
Кілт сөздер:
оқиға, зорлық-зомбылық, қыз, ерлі-зайыпты, Қарағанды
Загрузка...

Басты тақырып