23:50 21 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.95
  • EUR495.12
  • RUB6.00
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2633 0 0

Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру және мемлекет меншігіне қайтару мерзімі қысқартылады. Ол шараларды атқару уақыты 1 жылға дейін қысқарады

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жер заңнамасына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Рүстем Құрмановтың айтуынша, игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша бірқатар өзгеріс болады. Осыған орай, арнайы заң жобасы әзірленді.

"Осы құжат жер туралы заңға, кәсіпкерлік пен салық кодекстеріне өзгеріс енгізуді көздейді. Атап айтқанда, игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру және мемлекет меншігіне қайтару мерзімі қысқартылады. Осы шараларды атқару уақыты 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарады", - деді Құрманов министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салық 20 есеге артады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев билік кез келген оң өзгерістерге дайын екенін мәлімдеді

"Бүгінде заң жобасының тұжырымдамасы дайын. Біз оны ашық нормативтік актілер порталында талқылау үшін жарияладық. Сондай-ақ, ол құжат министрліктің ресми сайтында бар. Оған пікір білдіріп, ұсыныс жасауға болады. Осының нәтижесінде заң жобасының тұжырымдамасы ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады", - деп атап өтті Құрманов.

Тақырып бойынша

Саясат Нұрбек қоғамдық сенім кеңесінде маңызды ұсыныс айтты
"Ондай болмаған": жерді мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты қандай өзгеріс енгізілді
Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді – сенат заң қабылдады
Мұхтар Тайжан Тоқаевқа халықтың көкейіндегі тілекті жеткізді
Министрлік жерді тиімсіз игеретін шаруалардың "қара тізімін" жариялайды
Тоқаев Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды
Кілт сөздер:
жер
Загрузка...

Басты тақырып