04:34 01 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1859403

Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы газ қозғалтқышымен жүретін көліктермен байланысты төтенше жағдай жиілегенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Қаңтардың бірінен бастап Қазақстанда газбен жүретін көліктерді тұрғын үй паркингіне қоюға тыйым салатын ереже күшіне енді. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ережені түсіндірді.

"Соңғы үш жылда газбен жұмыс істейтін көліктердің өртенуі жиілеп кетті. Статистикаға сәйкес, жыл сайын елде көлікте 2,5 мың рет өрт болды. Соңғы үш жылда газ орнатылған көліктерде мұндай 374 оқиға тіркелді. Адам шығыны болды. Өрт жыл сайын жиілеп бара жатқанын көріп отырмыз", - деді Беккер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2016-2018 жылдар аралығында газ көліктеріндегі өрт 64-тен 100-ге дейін артқан. Сондай-ақ, тұрғындар паркингте газдың иісі шығады деп шағымданып отыр.  

"Біз бірнеше рет паркингтерге барып, газ шықса, өрт немесе жарылыс қаупі бар екенін анықтадық. Газ өте қауіпті, әсіресе, төменгі қабаттағы газ жарылысы ғимараттың толықтай бұзылуына алып келеді", - деді төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.

Мамандардың айтуынша, елдегі құрылыс нормасына сәйкес, мұндай көліктердің тұрғын үйдегі паркингке қойылуына рұқсат етілмейді.

"Осыған байланысты біз өрт қауіпсіздігі ережелеріне өзгеріс енгізу жобасын әзірледік. Құжат кәсіпкерлердің ұлттық палатасына жолданды", - деді Беккер.

Комитет өрт қауіпсіздігі ережелеріне барлығы 148 толықтыру мен өзгерту енгізген.

Қандай жаза қарастырылған

Әкімшілік кодекстің 410-бабына сәйкес (Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау) 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі немесе 12 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Ішкі істер министрлігі Армениядан көлік сатып алғандардың қулығын әшкереледі

Егер заңбұзылықтың қандай да салдары болатын болса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) жүргізуші бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Екі не одан да көп адам қаза болса, заң бұзған адам 5 жылдан 10 жылға дейін сотталады.

 

Тақырып бойынша

Алматы облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады: қаза болғандар бар
Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды
"45 көлік мінген": Айнұр Тұрсынбаевадан да көп көлік ұтқан ақынның аты аталды
Ер адам көлік нөмірінің арқасында мол олжаға кенелді
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Кілт сөздер:
көлік, газ, айыппұл
Загрузка...

Басты тақырып