20:03 05 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD420.79
  • EUR511.98
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1418 0 0

Қыздарды қонақүйде жұмыс істеуге шақырып, секс-құлдыққа салған. Олар қазір мамандандырылған оңалту орталығына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан — Sputnik. Бахрейнде секс-құлдықтан 21 қазақстандық әйел босатылды. Олар мамандандырылған оңалту орталығына жеткізілді, кейін елге оралады.

"Сауд Арабиясы корольдігіндегі Қазақстан елшілігі Бахрейн полициясының көмегімен 21 қазақстандық секс-құлдықтан босатылды", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Қыздарды Бахрейнге қонақүйде жұмыс істеуге шақырған. Манамада (Бахрейн астанасы) төлқұжаттарын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұған көнбеген қыздарға күш көрсетілді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Арасында Қазақстан азаматтары да бар. Тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство ақпаратында. 

Зардап шегушілер мамандандырылған оңалту орталығына жеткізілді, кейін елге оралады.

Тақырып бойынша

"Әйелдің бәрі - жезөкше": қыз-келіншектерді аяусыз өлтірген атышулы қанішерге үкім шықты
Шыбын жанын шырқыратқан: табиғат аясына шыққан үш жігіт жантүршігерлік қылмыс жасады
"Күйеуімен бірге келген" Алматыда жезөкше әйел клиентін қинап өлтірді
Алматы әкімі қала тұрғындары жезөкшелерден әбден мезі болғанын айтты
"Буындырып, тепті": Алматылық қызды ұрлап әкетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген
Кілт сөздер:
жезөкше, қазақстандық қыз
Загрузка...

Басты тақырып