12:51 19 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.37
  • EUR492.66
  • RUB5.97
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2487101

Енді жемқорлық фактісі туралы хабар берген адам параның 10 процентіне дейінгі сыйақыны ала алады, бірақ сотта ұсталған адамның кінәсі дәлелденуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлық фактілерін хабарлаған адамға берілетін сыйақының мөлшері өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жақында ғана президенттің тапсырмасын орындау мақсатында жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін халықты ынталандырудың жаңа жүйесіне арналған үкіметтің қаулысы қабылданды. Енді, сыйақының мөлшері дифференциалды болады", - деді Шпекбаев бүгінгі алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, жемқорлық фактісі туралы хабар берген адам параның 10 процентіне дейінгі сыйақыны ала алады. Бірақ ол үшін сотта ұсталған адамның кінәсі дәлелденуі керек. Үкімет қаулысына сәйкес,  максималды сыйақының мөлшері 10 600 000 теңге көлемінде белгіленді.

"Осы орайда 1424 байланыс орталығын ерекше атап өткен жөн. Бұл - халықпен кері байланыс жасаудың тиімді құралы. Өткен жылы жемқорлық фактілері туралы хабарлар үш есеге көп түсті", - деп атап көрсетті Шпекбаев.

Тағы оқыңыз: 1424 нөміріне хабарласып, қалай ақша алуға болады – қазақстандықтар білуі тиіс ақпарат

Тақырып бойынша

1424 нөміріне хабарласып, қалай ақша алуға болады – қазақстандықтар білуі тиіс ақпарат
Ақтөбелік жігіт миллиондаған ақша алудың қитұрқы жолын тапты
Қостанай облысының әкімі не үшін ақша жинап жатқанын айтты
Байығыңыз келсе: қазақстандық маман қандай санның ақша тартатынын айтты
Министр зейнетақы жинағындағы ақша қандай сомадан бастап берілетінін айтты
Қазақстандықтарға зейнетақы шотындағы ақша жақын арада берілмейді – себебі неде
Кілт сөздер:
сыйақы, үкімет қаулысы
Загрузка...

Басты тақырып