Қоғам

Нұр-Сұлтанда әкім күдікке ілінді – оған қандай айып тағылып отыр

© AP Photo / Patrick SemanskyНаручники, фото из архива
Наручники, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырық жастағы Асқар Есілов Байқоңыр ауданының әкімі қызметіне 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Елорданың "Байқоңыр" ауданының әкімі Асқар Есілов пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратты растап отыр.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Байқоңыр" ауданы әкімінің пара алу фактісін анықтады. Оған жекеменшік компания өкілінен "Байқоңыр" ауданын абаттандыру бойынша субмердігерлік жұмыстарды алуға жәрдемдескені үшін пара түрінде iPhone-ның соңғы нұсқасын алды деген айып тағылды", - деді агенттіктің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, әкім жалпы қамқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Қазіргі таңда іс тергеліп жатыр. Күдіктілер кінәсін мойындап, тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтауды сұрады.

Есілов туралы не білеміз

Асқар Есілов әкім қызметіне 2019 жылы сәуір айында тағайындалды. Оның кандидатурасын мәслихат депутаттарына астананың сол кездегі әкімі Бақыт Сұлтанов таныстырған болатын. Депутаттар аудан әкімінің кандидатурасын бірауыздан қолдаған.

Асқар Есілов 1979 жылы бұрынғы Целиноград қаласында дүниеге келген. Ресейдің Урал заң академиясында білім алған. Одан кейін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Тағы оқыңыз: Алматыда бұрынғы әкімнің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының қаржы департаментінде заңгер болып бастаған. 2014 жылы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ корпоративті басқару департаментінің директоры, ал екі жылдан кейін елорданың Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2019 жылдан бастап Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0