09:21 26 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
530230

Бес күндік жұмыс аптасы мектептің материалдық-техникалық және кадрлық ресурстарына қарай енгізіледі. Сондай-ақ, сабақ болмаған кезде мұғалім бос уақытын өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі Педагогтың жұмыс және демалыс уақыты ерекшеліктерін анықтау қағидаларын әзірледі. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланып, 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бес күндік жұмыс аптасы

Құжатта айтылғандай, білім беру ұйымдарының қолда бар материалдық-техникалық және кадрлық ресурстарына қарай мұғалімдер үшін бес күндік те, алты күндік те жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.

"Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерінде барлық мұғалім үшін, сондай-ақ жекелеген педагогтер үшін оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу кестесін, кезекшілік кестесін, білім беру ұйымының түрі мен түрін ескере отырып, бес күндік жұмыс аптасы көзделуі мүмкін", - делінген жобада.

Бес күн жұмыс істейтіндер сенбі және жексенбі демалса, алты күн істейтіндер үшін бір демалыс күні – жексенбі ғана қарастырылған.

Сабақ болмаған кезде мұғалім бос уақытын өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

Түскі үзіліс 30 минуттан кем емес

Сонымен қатар, мұғалімдердің демалысы мен тамақтануына қажетті үзіліс уақыты, ауысым кестесі, демалыс және жұмыс істемейтін мереке күндеріндегі жұмыс білім беру ұйымының ішкі тәртібімен белгіленеді.

Тағы оқыңыз: "Унитаздардың арасы бөлінбеген": Мектептегі жағдай ата-ананың жағасын ұстатты

"Демалыс және тамақтану уақыты ішкі тәртіп ережелерімен бекітіледі және түскі үзіліс уақыты 30 минуттан кем болмауы тиіс", - делінген ережелерде.

Педагогтердің кезекшілігі сабақ басталғанға дейін кемінде 20 минут бұрын басталып, ол аяқталғаннан кейін 20 минуттан аспауы тиіс.

Жыл сайынғы еңбек демалысы

Төмендегі қызметкерлер жазғы немесе өзіне ыңғайлы кез келген уақытта жыл сайынғы еңбек демалысын алу кезінде басым құқыққа ие болады:

  • кәмелетке толмаған баланы (18 жасқа дейін) жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналар (қамқоршылар);
  • үш және одан да көп баласы бар әйелдер;
  • еңбек жарақатын алған қызметкерлер;
  • емделуге жолдамасы бар кез келген қызметкерлер.

Ережелер жобасымен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Тақырып бойынша

Түнделетіп жолға шыққан мұғалімдер апаттан қаза болды
Аттестациялау жүйесі: тестілеу кезінде заң бұзған мұғалімдер қалай жазаланады?
Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған арендалық баспананы қалай алуға болады?
Мұғалімдер бес күндік жұмыс аптасына қашан көшетіні белгілі болды
Мұғалімдер бірқатар жеңілдіктен қағылды – министр себебін түсіндірді
Мұғалімдер шипажайда тегін емделеді – жаңа заңның нормасы
Кілт сөздер:
жұмыс аптасы, түскі ас, мұғалімдер
Загрузка...

Басты тақырып