Қоғам

"Солай болып қалды": Димаштың жұмыртқа сатып тұрғаны жайлы видео тарады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПевец Димаш Кудайберген
Певец Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеоны әртістің фанаттары Instagram желісіндегі парақшалардың біріне жүктеген

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің достарымен бірге жұмыртқа сатып тұрғаны жайлы ескі видео жарияланды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от GEISHA (@kudaikuda)

Роликті Instagram желісіне әртістің фанаттары жүктеген.   

"Біз Оралдың вокзалындамыз. Концерттен ақша табайын деп келген адамбыз. Бірақ ол болмай қалды. Үйден жұмыртқа қуырып алып келіп, сатып жатырмыз. Енді солай болып қалды", - дейді Димаш Құдайберген.

Желі қолданушыларының бірі әншіні қолдаса, екіншісі еңбек еткен адам, міндетті түрде жетістікке жететінін атап өтті.

"Не бопты сатса? Ол да пенде ғой. Таңғалатын нәрсе емес", - дейді @ultursyn3.

"Тұрып қошемет көрсетті": Франция қазағы жұрттың Димашқа қалай тамсанғанын айтты

"Егер біраз қиналсаңыз, одан бір нәтиже шығуы мүмкін. Димаштың жолы болды ғой. Сондықтан қиындыққа мойымау керек. Тек алға!", - деп қолдау білдірді @bektasovtanatkan.

Ал @doyan.tsay.1 есімді қолданушы Димаштың әзіл-қалжыңға жақын екенін жеткізді.

"Димаш қалжыңды жақсы көреді. Сол үшін оны ұнатамын", - дейді ол.

Жаңалықтар
0