Қоғам

Ғалымдар дұрыс ұйықтамаудың несімен қауіпті екенін айтты

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото мальчика, спящего за партой
Архивное фото мальчика, спящего за партой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеуде адам үшін ең тиімді ұйқы ұзақтығы 7 сағат екені айтылады. Бұл нормадан ауытқу түрлі дертке шалдығу қаупін арттырады

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Ағылшын ғалымдары ұйқы ұзақтығы мен өкпе фиброзының арасындағы байланысты анықтады, деп хабарлайды Medicalxpress.

Зерттеуде адам үшін ең тиімді ұйқы ұзақтығы 7 сағат екені айтылады. Бұл нормадан ауытқу түрлі дертке шалдығу қаупін арттырады. Тәулігіне 4 сағат немесе одан да аз ұйықтайтындар өкпе фиброзына шалдығуы мүмкін.

Ал күніне он бір сағат немесе одан да көп ұйықтайтындарда мұндай қауіп үш есе жоғары. Жыл сайын бұл дерттен  бес мың британиялық көз жұматыны айтылады. Бұл лейкемия ауруынан көз жұматындардың көрсеткішімен тең.

Тағы оқыңыз: Желіде қорқынышты түсін айтып берген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ, тым кеш ұйықтайтын және ауысыммен жұмыс істейтіндерде де өкпе фиброзы дертіне шалдығу қаупі бар.

Жаңалықтар
0