Қоғам

Қазақстанда сәлем-сауқат бағасы өсті

© Photo : СС0 / RedMaidenПосылка
Посылка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді әр жеке сәлемдеменің бағасы мен салмағы ғана ескерілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. 2020 жылдың қаңтарында жеке пайдалануға арналған тауарларды, жеке тұлғаларға арналған халықаралық сәлемдемелерді бажсыз әкелудің жаңа ережелері (200 еуро мен 31 килограмм) күшіне енді.

Енді әр жеке сәлемдеменің бағасы мен салмағы ғана ескерілетін болады. Бұған қоса, бір ай ішінде тапсырыс беруге болатын тауарлар санына шектеу жоқ.

Бекітілген нормалардан асып кеткен жағдайда сәлемдеме бағасынан 15% ставка бойынша кедендік төлемдер төлеу талап етіледі. Дегенмен, баға және/немесе салмақ нормалары артып кеткенде бір килограмға кемінде екі еуро төленуі тиіс.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің шешімімен, 2019 жылы шетелден тауарларды бажсыз әкелу шегі төмендетілді. Халықаралық пошта бойынша бір айда 500 еуроға 31 килограмға дейін тауарларды бажсыз әкелуге рұқсат етілді.

Жаңалықтар
0