03:43 04 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
470 0 0

Ішкі істер министрлігі елімізде 30 күнге дейін болатын барлық санаттағы шетелдік азаматтарды уақытша тіркеу тәртібін тоқтатады

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге елге келетін шетелдіктерді тіркеу тәртібін әзірледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қылмыстық, қылмыстық-процесуалдық заңнамаларды жетілдіру және жеке тұлғалардың құқығын қорғауды күшейту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Ол БАҚ-та жарияланғаннан кейін 10 күнде күшіне енеді.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік қонақтың келгені жөнінде қабылдаушы тарап көші-қон қызметін елге келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Жергілікті тұрғындардың шетелдіктерді неге соққыға жыққаны анықталды – видео

Шетелдіктің Қазақстанға келгенін хабарлау рәсімі бүгінгі күні барынша жеңілдетілді және көші-қон қызметінің бөлімдеріне баруды талап етпейді.

Визалық-көші-қон порталында (www.vmp.gov.kz) мыналар жасалуы қажет:

  • Шетелдік туралы және қажет болған жағдайда оның балалары туралы мәліметтерді толтыру;
  • Толтырылған өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • 15 минуттан кейін жеке кабинетте сақталатын дайын құжатты алу.

Бұл қызмет тегін көрсетіледі және мұны ішкі істер министлігі 2014 жылдан бастап ұсынып келеді. Биылғы жылы оны 250 қонақ үй пайдаланды, олар 110 000 шетелдіктің болғаны туралы мәлімет берді.

Шетелдік азамат Қазақстан аумағында 30 тәуліктен артық болған кезде қабылдаушы тарап (қонақ үйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер, емдеу-алдын алу мекемелері және басқа да заңды және жеке тұлғалар) мейманға уақытша болуға рұқсат ресімдеуге міндетті.

Тақырып бойынша

Шетелдіктер қазақтың қаны мен шашын зерттеп, неге аласұрып жүр?
"Өзімді бақытты сезінемін": Құрбан айт намазына келген шетелдіктер өз әсерімен бөлісті
"Мүмкін емес!". Шетелдіктер Димаштың өнеріне қалай таңғалды — видео
ЭКСПО-да "Аттан, қазақ!" деп ұрандатқан Амантай қажымен шетелдіктер суретке түсіп жүр
Шетелдіктер Қазақстанда теракт дайындады: арнайы операцияның видеосы шықты
Латын әліпбиі: шетелдіктер Абайдың өлеңдерін қалай оқыды?
Кілт сөздер:
шетелдіктер, уақытша тіркеу
Загрузка...

Басты тақырып