Қоғам

Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарыла ма?

© Photo : Аккаунт Сункара Нурмаганбетова в FacebookАқжарқын Тұрлыбай және адвокаты Сұңұар Нұрмағанбетов
Ақжарқын Тұрлыбай және адвокаты Сұңұар Нұрмағанбетов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы Ақжарқын Тұрлыбайды елге беру бойынша Қытай тарапымен жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бас прокуратура алдағы уақытта Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру бойынша Қытай тарапымен жұмыс жүргізеді. Отандасымызды елге қайтару мәселесі сыртқы істер министрлігінің назарында", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Бүгін Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Үкім он күннен соң күшіне енеді.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

Тағы оқыңыз: Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарғаннан кейін 15 жылға соттауы мүмкін – адвокат

Осы жылдың қыркүйегінде Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерген болатын.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметіне сүйенсек, Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр. Сонымен қатар, көркем әдебиет оқиды, дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.

Жаңалықтар
0