18:08 15 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD428.71
  • EUR519.12
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1743 0 0

Жалақыны арттырып, әлеуметтік қолдауды күшейту арқылы медициналық қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады. Соның аясында дәрігерлердің жалақысын жарты миллион теңгеге дейін өсіру жоспарланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Шөкеевке халықтың табысына қатысты тапсырма берді 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бағдарламаның маңызды бір бағыты – адам капиталын дамыту. Соның аясында медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттырып, биомедициналық зерттеулер нарығын дамыту жоспарланған.

"Жалақыны арттырып, әлеуметтік қолдауды күшейту, кәсіби жауапкершілікті қорғау арқылы медициналық қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланған.  2025 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 2,5 есеге артады және ауылдарды медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 13 процентке өседі. Клиникалық зерттеулер 2 есеге артады", - деді Біртанов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметте дәрігерлердің бес жылдан кейінгі нақты жалақысы да көрсетілген. Оған сәйкес, 2025 жылда дәрігерлердің орташа жалақысы 550 000 теңгеге жетпек.

Айта кетейік, бүгін министрлер кабинеті 2020-2025 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жобасын бірауыздан мақұлдады.

Тақырып бойынша

Сапарбаев жәрдемақы төлеу жүйесіне жаңашылдық енгізіліп жатқанын айтты  
Жаңа жыл – 2020: Тоқаев ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемін бекітті
Келімбетов 2 миллион теңгеге жуық жалақыны кімдер алатынын айтты
Студент жұмыс іздейді: білім алып жүріп, қалай ақша табуға болады?
Білім министрі сенаторлардың ашуына тиген мәселеге жауап берді
1 қаңтардан бастап жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
Кілт сөздер:
жалақы, дәрігер
Загрузка...

Басты тақырып