09:46 02 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3955 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өзге мемлекеттердің бірнеше ғасырлық жолын Қазақстан 28 жыл ішінде өткенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттаған ордендерін тағып шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі🇰🇿 (@elbasy_nazarbayev)

Халық қаһарманы және Еңбек Ері жоғары наградаларын Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа 2019 жылы 20 наурыз күні өткен инаугурация кезінде табыстаған еді.  

"Астана Опера" театрында өткен салтанатты концертте Елбасы жастардың тәуелсіз елде өмір сүретінін мақтан тұтатынын айтты.

"1991 жылы 16 желтоқсанда арнайы заң қабылдап, бүкіл әлемге Қазақстанның тәуелсіздігін жарияладық. Біз елдігіміздің жаңа дәуірінің негізін қалап, куәгерлері болдық. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындау мәртебесі біздің буынға бұйырғанын мақтан тұтамын", - деді ол.

Салтанатты концертке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин де қатысты.

Қазақстандықтар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай екі күн демалады.

Тақырып бойынша

Биыл есте қалған ТОП-9 оқиға: Қазақстан президенттері "9" санын неге таңдайды
Димаш Тоқаев пен Назарбаевтың алдында ән шырқады – видео  
Көпті мазалаған сұрақ: Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барғаны белгілі болды
"Біздің борышымыз": Тоқаев Назарбаевтың еңбегін құрметтеуге шақырды
Тоқаев Назарбаев бекіткен жаңа әліпбиден олқылық тапты
Кілт сөздер:
орден, фото, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып