Қоғам

Алматы атауын өзгерту ұсынысы: президент кеңесшісі пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевЕрлан Карин
Ерлан Карин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлан Қарин қалалардың атауын өзгерту мәселесі барынша талқыланып шешілетін мәселе екенін атап өтті. Ол мемлекет басшысы қала билігіне бұдан әлдеқайда маңызды міндет қойып отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы атауын өзгертуге қатысты не ойлайтынын айтты.

Жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Sputnik Қазақстанға Алматы қаласына Алма-Ата атауын қайтару мәселесін президентпен талқылағанын айтқан болатын. Ол президент бұл бастаманы қолдағанын атап өтті. Алайда мұны халық шешетінін жеткізген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Алматы атауын өзгертуді қолдайтынын айтты

Қарин президент Алматы қаласының билігіне бұдан да маңызды міндет қойып отырғанына тоқталды.

"Оның (Сүлейменов - Sputnik) президентпен кездесуде бұл идеяны айтуы мемлекет басшысы қолдап отыр дегенді білдірмейді. Президент Алматы қаласын дамыту бойынша бұдан да маңызды мәселелерді шешу керек деген ойда. Бұл туралы мемлекет басшысы 29 қазан күні қала активімен кездесу кезінде айтқан болатын ", - деп жазды президент кеңесшісі Telegram-да.

Ерлан Қарин мұндай маңызды мәселелер халықпен талқыланған соң ғана шешілетінін айтты.  

Сүлейменов болса, қала атауын өзгерту идеясын алматылықтардың басым бөлігі мен қала әкімі де қолдап отырғанын тілге тиек еткен болатын.

Жаңалықтар
0