08:54 02 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
266 0 0

Бүгін Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев халыққа үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Бас прокуратураның түсіндіруіне және әкімшілік ықпал ету шараларына қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішінде шетелден әлеуметтік желілер арқылы халықты алдағы мерекелерде заңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруда, деп хабарлады ведомство.

«Бұл адамдар «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» заңның (бұдан әрі - заң) талаптарын айқын бұзуда», - дейді Дембаев.

Атап айтқанда, жоспарланған митинг туралы хабарланғанға дейін ұйымдастырушылар белгіленген күнге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бермеген.

Онда олар: іс-шараның мақсаты, нысаны, өткізілу орнын немесе қозғалыс бағыттарын, оның басталу және аяқталу уақытын, қатысушылардың болжамды санын, ұйымдастырушылардың және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың сауалнамалық деректерін көрсетуі тиіс болатын.

«Бұл міндетті талаптар акция қатысушыларының өздерінің, сондай-ақ басқа да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана бағытталған», - делінген үндеуде.

Тағы оқыңыз: Әкім жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін айтты

Сонымен қатар, рұқсат алғанға дейін ұйымдастырушы мен басқа да тұлғалардың митинг туралы жариялауға, оған қатысуға шақыруға, сондай-ақ осы мақсатта парақшалар, плакаттар және басқа да осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ екеніне назар аударамыз.

Басқаша айтқанда, 16 желтоқсанда заңсыз акцияларды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы – бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнаманы бұзу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылық туындайды (қылмыстық кодекстің 400-бабы – санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

"Әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар осындай акцияларды қолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежеде қолданылады", - дейді Болат Дембаев.

Осыған байланысты, Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады.

Тақырып бойынша

Депутаттар баласын митингіге ертіп баратын ата-аналарды қамауға алуды ұсынды
Бас прокуратура: ертеңгі митингке қатысушыларға қатаң шара қолданылады
Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг өтті: полиция қанша адам ұсталғанын хабарлады
Қытай азаматтары Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті: кім жауапқа тартылады?
Назарбаевтың экс-кеңесшісі Қытайға қарсы митингілерді кім өршітіп жатқанын болжады
Кілт сөздер:
үндеу, Бас прокуратура, митинг
Загрузка...

Басты тақырып