02:08 05 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD420.79
  • EUR511.98
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
466 0 0

Қазақстанда демалыс күндері ауа райын анықтаған антициклон біртіндеп әлсіреп, Алтайға қарай ығысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер 2019 жылдың 10-12 желтоқсанына ауа-райы болжамын жасады.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, демалыс күндері ауа райын анықтаған антициклон біртіндеп әлсіреп, Алтайға қарай ығысуда.

"Оның орнына Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік жартысына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан циклон жылжып келеді. Соған байланысты ауа райы жауын-шашынды, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстіктегі облыстарда батыстан екпінді жел тұрып, бұрқасындатады", - деп жазылған хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы 0°С, оңтүстікте плюс 5…12°С болады деп болжануда, бұл орташа климаттық нормадан жоғары. Тек республиканың шығысында антициклонның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Мегаполистердегі ауа райы

10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында аздап қар жауады. Түнде – минус 6, ал күндіз – минус 4 градус.

Алматыда күн ашық. Температура түнде – минус 1, күндіз + 3 градус болады.

Ал Шымкент қаласында күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Термометр түнде + 7, күндіз + 12 градусты көрсетеді.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

11 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Түнде – минус 5, күндіз – 6 градус.

Алматы қаласында күн ашық болады. Түнде 4, күндіз 7 градус жылы.

Ал Шымкентте күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Түнде + 6, күндіз + 7  градус.

12 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында күн бұлтты болады. Сынап бағанасы түнде минус 7, күндіз плюс 1 градусты көрсетеді.

Алматыда күн ала бұлтты, термометр бағамы түнде + 2, ал күндіз + 6 градусқа жетеді.

Ал Шымкент қаласында күн ала бұлтты. Температура түнде плюс 4, күндіз плюс 10 градус.

 

Кілт сөздер:
ауа райы, бұрқасын
Загрузка...

Басты тақырып