02:46 05 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD420.79
  • EUR511.98
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
383710

Көпбалалы жанұяларға төленетін жәрдемақы табыс болып санала ма? Бұл сұраққа да министр жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде табыс ретінде есептеледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер еңбек министрінен жаңа мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында жанұя кірісі ретінде санала ма деп сұрады.

"Табысқа кіреді", - деп қысқа қайырды Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.

Министр жаңа жәрдемақы кіріс ретінде есепке алынғаннан кейін, кейбір тұрмысы төмен отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Ала алмай қалуы мүмкін. Мәселен, табысы төмен кісілер жаңа жәрдемақы алғанмен, жанұяның табысы кедейшілік шегінен аспаса, онда олар атаулы әлеуметтік көмек алады. Ал асып кетсе, алмайды", - деп нақтылады ол.

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленеді.

Мемлекеттік жәрдемақы төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балалары бар барлық көпбалалы жанұяға табысына қарамастан төленеді.

Тағы оқыңыз: Сауыншы жоқ: министр атаулы әлеуметтік көмектің салдарын айтты

Төрт баласы бар отбасыларға –  42 496 теңге;

бес балаға – 53 127 теңге;

алты балаға – 63 757 теңге;

жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге.

Тақырып бойынша

Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?
"Президентке ұсыныс жасаймыз": министр зейнетақы жинағына қатысты мәселені қозғады
Министр атаулы әлеуметтік көмек алғандарға қатысты мәлімдеме жасады
Жалақы 50 процентке дейін өседі: Үкімет бірқатар шараны қолға алмақ
Қазақстанның министрлері тізерлеп отырып, арнайы курстан өтті
Кілт сөздер:
Қазақстан, министр, атаулы әлеуметтік көмек
Загрузка...

Басты тақырып