Өңірлер

Жанар Хамитованың өліміне қатысты іс неліктен тоқтатылғаны белгілі болды

© Photo : YouTube / Аяулым КуралхановаЖанар Хамитова
Жанар Хамитова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Суицидке итермеледі" деген бап бойынша тергеу жүргізген құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқандай дәйек таппады

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Полиция әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатқанын хабарлады.

Эстрада жұлдызының өліміне әлдебіреудің қатысы бар болуы мүмкін, яғни "суицидке итермеледі" деген бап бойынша тергеу жүргізгендер ешқандай дәйек таппапты.

"Аталған іс Қазақстан Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабы, яғни қылмыстың құрамының болмауына байланысты қысқартылды", - деп түсіндірді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

КТК арнасы хабарлағандай, 30 жастағы әншінің қазасынан соң, оны біреулер өз-өзін өлтіруге мәжбүрлеуі мүмкін деген күдікпен іс қозғалған еді.

Жанар Хамитовамен дуэт орындаған әнші оның соңғы өтінішін айтты 

Естеріңізге салсақ, оқиға қыркүйекте болған. "Арнау"тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова дүниеден озды деген суыт хабар талайдың қабырғасын қайыстырды. Туыстары еден жуып жатқанда жүрегі тоқтады деп түсіндіргендей болған. Алайда артынша Хамитованың өзіне қол салғаны анықталды.

"Super Star" байқауының финалисі бақандай 21 мәрте өмірімен қоштаспақ болған екен.  

Жаңалықтар
0