01:27 19 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.07
  • EUR494.45
  • RUB5.66
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
326 0 0

"Жалған ғалым" деп айыпталған бұрынғы вице-министр Фатима Жақыпова қызметінен өз еркімен кеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұрынғы вице-министр Фатима Жақыпованың диссертациясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы, бұл диссертация 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қорғалған. Сол уақыттағы барлық талапқа сай деп санаймыз. Сондықтан бүгінде заңнама шеңберінде ол ғылыми атақты қайтарып алуға мүмкіндігіміз болмай тұр", - деді Аймағамбетов сенаттың пленарлық отырысында.

Министр сенаторлардың депуаттық сауалына ауызша жауап беру үшін отырысқа арнайы келді. Өз сөзінде ол бұрынғы вице-министр Фатима Жақыпованың өз еркімен жұмыстан кеткенін де еске салды. 

"Енді, жалпы бұл кісіні өздеріңіз білесіздер, өтінішін жазды. Сол өтініштің шеңберінде қазір министрлікте жұмыс істемейді", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Оның айтуынша, биыл Қазақстан алғаш рет плагиатқа қарсы жаңа жүйеге қосылды. Оны әлем бойынша 15 мың үздік университет пайдаланады.

Тағы оқыңыз: Плагиат дауынан кейін білім вице-министрі қызметінен кетті 

"Енді, барлық курстық жұмыс, диплом мен диссертация осы жүйеден өтетін болады. Ол – бір. Екіншіден, ғылыми жұмыстар жүйеден өтіп қана қоймай, сол жүйеде сақталады. Сөйтіп, бір рет жазылған жұмысты екінші рет қорғауға мүмкіндік болмайды", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат төңірегіндегі даудан кейін білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы қызметінен босату мәселесін қозғаған болатын. Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында Мамытбеков білім саласында қордаланған мәселелерді көтерді. Соның бірі - білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпованың "жалған ғалым" атануы.

"Сіздер білесіздер, бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатыр. Қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр. Мұндай жағдайда ведомстволық ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын пайдаланып, қазақстандық қоғамды жаңылыстыру - мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзу болып саналады", - деді депутат.

Сенат депутаты "жалған ғалым" деп айыпталған вице-министрдің әлі де өз қызметінде жүргенін айтты.

"Неге әлі күнге дейін кадрлық шешім қабылданған жоқ?", - деді Мамытбеков.

Ертесінде білім және ғылым министрлі вице-министрдің жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Тақырып бойынша

Депутат білім вице-министрін отставкаға жіберуді талап етті
"Маған қысым көрсетті": білім министрлігінде тағы да шу шықты
Білім вице-министрі Жақыпова қызметінен босатылады
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, плагиат
Загрузка...

Басты тақырып